reassert [ˌriːəˈsɜːt] v 1. ∼ smth (өзін) қайта орнықтыру, қайта таныту; нығайту ♦She found it necessary to reassert her position. – Ол өз беделін қайта орнықтырғаны жөн деп тапты. ♦The prime minister aimed to reassert his authority. – Премьер-министр өз беделін нығайтқысы келді. 2. ∼ itself қалпына келу, (күйіне) оралу, нығаю ♦He thought about giving up his job, but then common sense reasserted itself. – Ол жұмысын тастасам деп те ойлады, бірақ сосын сабасына түсті. ♦His sense of humour was beginning to reassert itself. – Ол әзілқойлығына қайта баса бастады. 3. (ойын, пікірін) қайта/ тағы айту/ білдіру ♦∼ that… He reasserted that all parties should be involved in the talks. – Ол партиялардың бәрі де келіссөзге қатысуы керек деп тағы айтты. ♦∼ smth Traditional values have been reasserted. – Көне дәстүрлерге деген адалдық қайта білдірілді. ♦He used the opportunity to reassert his position on energy policy. – Ол мүмкіндікті пайдаланып, өзінің энергияға қатысты ойын тағы бір рет айтып өтті.