reassure [ ˌriːəˈʃʊə(r); ˌriːəˈʃɔː(r)] v жұбату, көңілін басу/ тыныштандыру, иландыру, сендіру, қолдау білдіру, қолпаштау (syn: put/set smb’s mind at ease/rest) ♦∼ smb (about smth) They tried to reassure her, but she still felt anxious. – Олар оны жұбатқысы келгенімен, ол әлі де алаңдаулы еді. ♦∼ smb that… The doctor reassured him that there was nothing seriously wrong. – Дәрігер оны пәлендей асқынған ештеңе жоқ деп жұбатты. ♦be ∼d of smth She needed to be reassured of his love for her. – Қыз өзін жігіттің сүйетініне сенімді болғысы келді.