rebel A.n [ˈrebl] 1.көтерілісші, бүлікші ♦rebel forces – көтерілісші күштер ♦Armed rebels advanced towards the capital. – Қарулы көтерілісшілер астанаға қарай жылжыды. ♦Some parts of the country fell into rebel hands. – Елдің кейбір аудандарын көтерілісшілер басып алды. 2. (өз партиясына, тб) қарсы шыққан/ келіспеген адам, бүлікші ♦A number of Tory rebels are planning to vote against the government. – Бірнеше тори (консервативтік партия) бүлікшісі үкіметке қарсы дауыс бермек. ♦The Education Secretary has made further concessions to the back-bench rebels. – Білім министрі бірнеше жай депутаттың талабына одан әрі көнді. 3.келіспейтін/ бағынбайтын адам, бүлікші, тентек, қиқар ♦I've always been the rebel of the family. – Үй-ішінің тентегі мен едім. ♦He was a rebel in his teens but he’s a respectable citizen these days. – Жеткіншек кезінде бұзық еді, қазір сыйлы азамат болды. B.v [rɪˈbel] ∼ (against smb/smth) қарсы шығу, қарсы көтерілу, бағынбау, келіспеу ♦He later rebelled against his strict religious upbringing. – Кейін ол өзінің қатаң діни тәрбиеленуіне қарсы шықты. ♦Most teenagers find something to rebel against. – Көптеген жеткіншектер бірнәрсені жақтырмай бүлік жасап жатады. ♦In 1215 the barons rebelled against the king. – 1215 жылы барондар корольге қарсы көтерілді. ♦The colonies rebelled and declared their independence. – Отарлар көтеріліп, өз тәуелсіздіктерін жариялады.