rebellion [rɪˈbeljən] n 1.көтеріліс, бүлік (syn: uprising) ♦in ∼ (against smb/smth) The north of the country rose in rebellion against the government. – Елдің солтүстігі үкіметке қарсы көтерілді. ♦The army put down the rebellion. – Армия/ Әскер көтерілсті басты. 2.қарсы шығу(шылық), бүлік, бағынбау ♦in ∼ (against smth) Some members are in rebellion against proposed cuts in spending. – Кейбір мүшелер шығындарды кесу туралы ұсыныстарға қарсы көтерілді. ♦The prime minister faces a rebellion from junior members of her party. – Премьер-министрге партияның жас мүшелері қарсы шығуда. 3.қарсы шығу; тіл алмау, бағынбау, орындамау; бүлік ♦Teenage rebellion often starts in the home. – Жеткіншектер бүлігі көбінесе үйде басталады. ♦rebellion against their parents – ата-анасына қарсы шығу ♦The band refused to go on stage and rebellion began to stir in the audience. – Муз-қ топ сахнаға шықпай қойып, көрермендер арасында кіжініс басталды.