rebound [rɪˈbaʊnd] A.v 1. ∼ (from/off smth) кері ыршу/ серпілу ♦The ball rebounded from the goalpost and Podolski headed it in. – Доп қақпа жақтауынан кері ыршыған кезде Подольски баспен салды. 2. ∼ (on smb) (formal) кері әсер ету, кері нәтиже беру (syn: backfire) 3. (business) (баға, тб ж) қайта өсу (syn: bounce back) ♦Share prices rebounded after Friday’s losses. – Жұма күні арзандағаннан кейін, акциялар қайта өсті. B.n 1. (sport) серпілу, кері ыршу ♦Podolski headed the rebound into the net. - Подольски серпілген/ кері ыршыған допты қақпаға баспен кіргізді. 2. (баскетболда) кері ыршыған допты қақшу/ қақшып алу 3. (business) қайта жақсару, серпілу, оңалу ♦There are signs of an economic rebound. – Экономика оңалатын сияқты. 4. (idm) *on the rebound біреумен ажырасып, торыққан кез ♦Paul left her and three months later she married Angus on the rebound. – Пол өзін тастап кеткен соң үш айдан кейін ол Әнгусқа тұрмысқа шықты. ♦They first met when he was on the rebound from a broken relationship. – Олар алғаш ол (еркек) ажырасып торығып жүрген кезде жолықты.