receive [rɪˈsiːv] v 1. (rather formal) (біреуден я бірнәрседен) алу, қабылдап алу ♦∼ smth I was delighted to receive your letter. – Хатың(ыз)ды алып қуандым. ♦She received many messages of support. – Ол қолдау білдірген көптеген сәлем алды. ♦to receive payment/thanks – төлем алу/ рахмет есту ♦∼ smth from smb/smth He received an award for bravery from the police. – Ол полициядан өжеттігі үшін сыйлық алды. ♦I received a phone call from her a few weeks later. – Бірнеше аптадан кейін ол маған телефон шалды. 2. (түрлі контексте түрліше қолд) ♦∼ smth Her work has not received the attention it deserves. – Оның жұмысы лайықты бағасын алмады. ♦She received urgent hospital treatment. – Ол шұғыл емханаға барып емделді. ♦All our staff receive training on dealing with customers. – Қызметкерлеріміздің бәрі де клиенттермен жұмыс әзірлігінен өтеді. ♦∼ smth from smb We have received overwhelming support from the local community. – Жергілікті қауым бізге орасан зор қолдау көрсетті. ♦We received a warm welcome from our hosts. – Іс-шара иелері бізді жылы қарсы алды. 3. ∼ smth әсер, тб алу ♦I did not receive the impression that he was afraid. – Маған ол қорыққандай көрінбеді. 4. ∼ smth жарақат алу, жарақаттану ♦Several of the passengers received severe injuries. – Бірнеше жолаушы ауыр жарақаттанды. ♦She received only minor cuts and bruises. – Оның денесі бірнеше жерден аздап тілініп, көгеріпті. 5.пәлендей қабылдау/ бағалау ♦be ∼d The play was well received by the critics. – Пьесаны сыншылар жақсы қабылдады. ♦The speech was warmly received by the audience. – Тыңдаушылар сөзді жылы қабылдады. ♦be ∼d with smth The proposals have been received with great enthusiasm. – Ұсыныстар зор құлшыныспен қабылданды. 6. (formal) (қонақты) қабылдау, қонақжайлық көрсету ♦be ∼d (as smth) He was received as an honoured guest at the White House. – Оны Ақ үйдің құрметті қонағы ретінде қабылдады. ♦be ∼d with smth We were received with great cordiality. – Бізді өте бауырмал қабылдады.7. ∼ smb (into smth) (formal) топқа, тб мүше етіп қабылдау 8. ∼ smth телерадио, тб сигналын алу ♦to receive programmes via satellite – программаларды спутник арқылы көру ♦a device for sending and receiving electronic signals – электрон(ды) сигналдарды жіберіп, алатын жабдық 9. ∼ smth/smb біреуден радиохабар алу ♦I'm receiving you loud and clear. – Сені анық естіп тұрмын. 10. ∼ (smth) (теннисте, тб) соғылған допты (подачаны) алу/ қайтару ♦She won the toss and chose to receive. – Ол жеребені ұтып, допты қайтарушы болуды қалады. 11. (idm) *be at/on the receiving end (of smth) (informal) жаман нәрсе өзіне бағытталу ♦She found herself on the receiving end of a great deal of criticism. – Ол өзіне сынның үймелей қадалғанын сонда барып білді/ бір-ақ ұқты.