reception [rɪˈsepʃn] n 1. (especially BrE) (қонақ үйге, офиске, тб кіргендегі жердегі) қабылдау (орны), ресепшн ♦Please report to reception on arrival. – Келе сала ресепшнге/ қабылдауға хабарла(ңыз). ♦You can leave a message with reception. – Ресепшнде хабар қалдырсаңыз болады. ♦the reception area – қабылдау/ ресепшн тұсы ♦on ∼ I've been on reception the whole morning. – Таңертеңгісін тапжылмай қабылдауда/ ресепшнде істедім. ♦the reception desk – қабылдау/ ресепшн орны 2.қабылдау (біреудің/ бірн-ң құрметіне қонақасы) ♦a wedding reception – үйлену тойы ♦∼ for smb They held a reception for the Japanese trade delegation at the White House. – Жапон сауда делегациясының құрметіне Ақ үйде қабылдау/ қонақасы болды. 3. қарсы алу, (концертті, тб) қабылдау (ұнату я ұнатпау) ♦∼ from smb The reception from critics and audiences was at best lukewarm. – Сыншылар мен көрермендер көп болса жылымық қана қабылдады. ♦The band got a rapturous reception from the crowd. – Муз-қ топты жұрт дүркірей қарсы алды. ♦Her latest album has met with a mixed reception from fans. – Оның кейінгі альбомын тілеулестері түрліше қабылдады. ♦Delegates gave him a warm reception as he called for more spending on education. – Оның білім саласына қаражатты көбірек бөлуге үндеуін делегаттар жылы қабылдады. 4. (телерадиосигналды) қабылдау, ұстау ♦good/bad reception – сигналды жақсы/ нашар ұстау ♦There was very poor reception on my phone. – Телефоным дұрыс қабылдамай тұр. ♦Television reception is very good in this area. – Бұл жерде телевизор өте жақсы көрсетеді. 5.күтіп алу, қарсы алу ♦The locals provided facilities for the reception of children from the war zone. – Соғыс аймағынан келетін балаларды қарсы алу үшін жергілікті жұрт керек нәрселерді ойластырды. 6. (also ∼ class) (Англия мен Уэльсте) (4 не 5 жастағыларға арналған) бірінші класс/ сынып ♦My son is in reception. – Ұлым бірінші класқа барады.