recite [rɪˈsaɪt] v 1.өлең/ тақпақ/ кітаптан үзінді оқу ♦∼ (smth) (to smb) Each child had to recite a poem to the class. – Әр бала(ның) класта тақпақ оқуы керек болды. ♦∼ what… She recited what she had learned. – Ол жаттағанын айтты. ♦‘I wandered lonely as a cloud,’ he recited. – «Бір өзім бұлтша маңдым», деп оқыды ол. 2. ∼ smth (to smb) | ∼ what… (ұзақ) әңгімелеу, баяндау; (ауызша) тізу, тізіп шығу ♦They recited all their grievances to me. – Маған олар бар шағымын айтты. ♦She could recite a list of all the kings and queens. – Ол барлық король мен королеваны тізіп шыға алатын.