reckless [ˈrekləs] adj ай-шайға/қауіп-қатерге қарамаған, есер, есірме, елірме, желікпе, қалай болса солай қараған, жініккен, қағынған, алаңғасарланған, арсалаңдаған (syn: rash) ♦He showed a reckless disregard for his own safety. – Өзінің сақтығы ойына кіріп те шықпады. ♦She was a good rider, but reckless. – Ол жақсы шабандоз еді, алайда жінікпе/ елірме еді. ♦to cause death by reckless driving – есіріп айдап өлімге себепші болу ♦She threw herself into the game with reckless abandon. – Ол өзін ойынға тастады да жіберді./ Ол ойынға қойды да кетті. ♦∼ with smth He had always been reckless with money. – Ол ақшаны шашып ұстайтын.