reconcile [ˈrekənsaɪl] v (formal) 1. ∼ smth (with smth) ұштастыру, түйістіру, байланыстыру, кіріктіру, қабыстыру, табыстыру, қатарластыру, қатар алып жүру ♦an attempt to reconcile the need for industrial development with concern for the environment – индустриялық/ өнеркәсіптік даму мен табиғатты қорғау мәселелерін ұштастыру ♦It was hard to reconcile his career ambitions with the needs of his children. – Өзінің карьералық амбициясын балаларына қараумен қатар алып жүру қиын болды. 2.татуластыру, табыстыру, жарастыру, бітістіру, ымыраластыру ♦∼ smb The pair were reconciled after Jackson made a public apology. – Джәксон жұрт көзінше ғафу өтінген соң, екеуі татуласты. ♦∼ smb with smb He has recently been reconciled with his wife. – Ол жақынды әйелімен қайта табысты/ жарасты/ татуласты. 3. ∼ smb /yourself (to smth) көну, шыдау, көндігу, бағыну, мойынсұну, мойын ұсыну, бойсұну, бой ұсыну, илігу (syn: resign yourself to) ♦He could not reconcile himself to the prospect of losing her. – Ол іштей одан айырыламын деген ойға шыдай алмады. ♦He tried to reconcile his father to the idea of the wedding. – Әкесін үйлену тойын жасау туралы ойға иліктіруге тырысты. ♦She had reconciled herself to never seeing him again. – Ол оны енді ешқашан көрмеймін деген ойға бой ұсынды/ көндікті.