record [ˈrekɔːd] A.n 1. (жазылған) есеп, отчет, тарих (істің, тб), тіркеу, дерек ♦You should keep a record of your expenses. – Шығындарыңды жазып жүруің керек. medical/dental records – ем/ тіс (емдеу) тарихы It was the worst flood since records began. – Тіркеу басталғалы бері бұл ең ірі/ сұмдық тасқын болды. according to… According to official records, there were 21 murders in the city that year. – Ресми деректерге сай, сол жылы қалада 21 кісі өлтіру болған. on  Last summer was the wettest on record. – Өткен жаз тіркеу басталғалы бері ең ылғалды болды. people who leave no trace in the historical record – өзінен кейін жазба документтер қалдырмайтын адамдар 2.рекорд, (спорт тарихында не басқа салада бұрын-соңды болмаған) ең үздік нәтиже ♦She holds the world record for the 100 metres. – Ол - 100 метрге жүгіруден рекордшы/ рекордсмен. to break the record – рекорд(ты) жаңарту to set a new record – жаңа рекорд жасау/ рекордты жаңарту There was a record number of candidates for the post. – Бұл қызметке (тұруға) соншама көп адам өтініш/ арыз берді. I got to work in record time. – Жұмысқа зу етіп бардым. The UK's biggest banks made record profits last year. – Британияның ірі банктері өткен жылы аса көп табыс тапты. Unemployment has reached a record high. – Жұмыссыздық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. 3.іс тарихы, (біреу я бірн-е жайлы) егжей-тегжейлі мәлімет, дерек ♦The airline has a good safety record. – Авиалинияның қауіпсіздік тарихы жақсы. ♦∼ on smth The report criticizes the government's record on housing. – Баяндама үкіметтің тұрғын үй салу жұмысын сынға алады. ♦∼ of smth He has an impressive record of achievement. – Ол тамсанарлық табыстарға жеткен. 4.тау жыныстарынан, тасқа айналған нәрселерден, тб алынған дерек(тер) ♦Fossil records suggest that the region was covered in water until relatively recently. – Тасқа айналған нәрселерге қарап аймақтың таяу уақытқа дейін су астында болғанын айтуға болады. evidence in the geological record – геологиялық деректердегі айғақ/ дәлел 5. (also criminal ∼) қылмыстылық, бұрын қылмыс жасағандық ♦Does he have a record? – Бұрын қылмысты болған ба? teenagers with a criminal record – бұрын қылмысты болған жеткіншектер 6. (музыкалық) пластинка ♦to play a record – пластинка ойнату a record collection – муз-қ пластинкалар коллекциясы 7. (пластинкаға, дискіге, интернетке) жазылған музыка ♦a record company – музыка жазатын компания They released their first record in 1963. – Олар алғашқы муз-қ пластинкасын 1963 жылы шығарды. The band had a hit record in 1973. – 1973 жылы муз-қ топтың аты дүркірей шықты. His new record is available on CD or as a download. – Оның жаңа музыкасы CD-де бар не интернеттен алса болады. 8. (idm) *(just) for the record a) ресми мәлімет ретінде ♦Just for the record I would like to clarify something my colleague said earlier. – Әріптесімнің бұрынырақ айтқанын жұртқа түсіндіріп өткім келеді.For the record, the police never charged me. – Ресми айтамын, полиция менен ақша алған емес. b) есте болсын, жұрт білсін (нығарлай/ баса айтқанда қолд) ♦And, for the record, he would be the last person I'd ask. – Жұрт білсін, одан сұрай қоймаспын-ау. *like a broken record (BrE also like a stuck record) бұзық (муз-қ) пластинка секілді (қайталай беретін) ♦I hate sounding like a broken record, but I have to say again, we must do more to help. – Бұзық пластинка секілді қайталай бергім келмейді, бірақ тағы бір рет айтуым керек, қарекет жасап, көмек аямауымыз керек. *a matter of record (formal) белгілі/ жұрт білетін нәрсе *off the record бейресми, өзара айтылған нәрсе ♦Strictly off the record, some members of staff will have to be made redundant. – Осы арада қалсын, қызметкерлеріміздің кейбіреуі(нің) жұмыстан босауы керек болады. *put/place smth on (the) record | be/go on (the) record (as saying…) [қ-з: place (B9)] *put/set the record straight жұртқа шындықты айту/ тура/ төтесінен айту ♦To put the record straight, I do not support that idea and never have done. – Турасын айтқанда, мен бұл ойды/ идеяны қолдамаймын және қолдаған емеспін де. B.v 1.есеп жүргізу, жазып/ тіркеп жүру ♦∼ smth Her childhood is recorded in the diaries of those years. – Оның балалық шағы сол жылдардағы күнделіктерде жазылған. You should record all your expenses during your trip. – Сапар кезінде барлық шығыныңды жазуың керек. ♦∼ that… She recorded in her diary that they crossed the Equator on 15 June. – Ол күнделігінде маусымның 15-інде экватордан өттік деп жазған. 2. (музыканы, фильмді, тб таспаға, дискіге, тб) жазу, түсіру ♦∼ (smth) Did you remember to record that programme for me? – Ана программаны маған (мен үшін) жазуды ұмытпадың ба? a recorded concert – жазылған/ жазылып алынған концерт Tell me when the machine starts recording. – Аппарат жаза бастағанда маған айт(қын). ♦∼ smb/smth doing smth; ∼ (smth) He recorded the class rehearsing before the performance. – Сахнаға шықпас шықпас бұрын ол кластың репетициясын жазып алды. ♦The band is back in the US recording their new album. – Топ АҚШ-қа оралып, жаңа альбомын жазуда. to record a song – әнді (таспаға, тб) жазу/ түсіру 3. ∼ smth (ресми) мәлімдеу, жария ету ♦The coroner recorded a verdict of accidental death. – Коронер өлімнің абайсызда болғанын мәлімдеді. It is with great regret that we record the death of one of our founder members. – Ұйымымызды құрған мұшелердің бірінің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. 4. ∼ smth | record what, how, etc… (белгілі бір мөлшерді, дәрежені, тб) көрсету, тіркеу ♦The thermometer recorded a temperature of 40°C. – Термометр 40°C ыстықты көрсетті. 5. ∼ smth (нәтижеге) жету, (ұпай) алу ♦The team recorded their first win of the season. – Команда маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті. to record a victory/high score – жеңіске жету/ ірі ұпай алу