recover [rɪˈkʌvə(r)] v 1. (аурудан, тб) жазылу, сауығу, оңалу, айығу ♦∼ from smth He's still recovering from his operation. – Операциясынан ол әлі сауығуда. ♦He has fully recovered from the shoulder surgery. – Иығына жасаған операциядан ол толықтай айықты. 2.қалпына келу/ оралу/ түсу ♦The economy is at last beginning to recover. – Экономика ақыры айыға/ сауыға/ оңала бастады. 3. ∼ smth (from smb/smth) (жұмсаған я берген) ақшасын қайтару/ өндіру, (шығынның) орнын толтыру (syn: recoup) ♦He is unlikely to ever recover his legal costs. – Сотқа кеткен шығынын ол ешқашан өндіре алмас. 4. (жоғалтқан, ұрлатқан, тб нәрсесін) қайтару, табу ♦∼ smth The police eventually recovered the stolen paintings. – Полиция ақыры/ соңында ұрланған картиналарды тапты. 5. ∼ smth оралу, қайт(ар)у (syn: regain) ♦The team recovered its lead in the second half. – Команда екінші жартыда қайтадан алға шықты. 6.есін қайта жию; бойын қайта жию; қалпына келу (syn: regain) ♦∼ smth It took her a few minutes to recover consciousness. – Есін қайта жиғанша бірнеше минут кетті. ♦to recover your sight – қайтадан жақсы көре бастау/ көз жанарын қалпына келтіру ♦∼ yourself She seemed upset but quickly recovered herself. – Ренжіген сияқты көрінгенімен, бойын тез жиып алды.