recovery [rɪˈkʌvəri] n (pl -ries) 1. ∼ (from smth) (ауруынан) жазылу, айығу, сауығу, оңалу ♦My father has made a full recovery from the operation. – Әкем операциясынан дін-аман жазылды. ♦to make a remarkable/quick/speedy/slow recovery – айтарлықтай/ тез/ жылдам/ баяу сауығу ♦She is on the road to recovery. – Ол жазылып/ сауығып келеді. 2. оңалу, сауығу, қайта жақсару, қалпына келу ♦The government is forecasting an economic recovery. – Үкімет экономика айығады деп болжауда. ♦The economy is showing signs of recovery. – Экономикаға жан біте бастады. ♦∼ in smth a recovery in consumer spending – тұтынушылардың/ клиенттердің ақша жұмсауының/ шығынының қалпына келуі 3. ∼ (of smth) (жоғалтқан, ұрлатқан, тб нәрсесін) қайтару, табу ♦There is a reward for information leading to the recovery of the missing diamonds. – Жоғалған алмастарды/ бриллианттарды табуға сеп болатын ақпар үшін сыйлық бар. 4. (also ∼ room) оңалту/ реабилитация бөлмесі ♦Your mother is now in recovery. – Анаң(ыз) енді оңалту бөлмесінде. ♦After the operation she was taken to the recovery room. – Операциядан соң оны оңалту бөлмесіне алып кетті.