recreation [ˌriːkriˈeɪʃn; ˌrekriˈeɪʃn] n 1. оралту, қайтадан қалпына келтіру; сондай етіп көрсету ♦The writer attempts a recreation of the sights and sounds of his childhood. – Жазушы өзінің бала күніндегі көріністер мен дыбыстарды оралтқысы келеді. 2.ермек (қызығатын нәрселерімен айналысу) ♦the need to improve facilities for leisure and recreation – ермек-қызық орындарын/ жайларын жақсарту қажеттігі ♦the increasing use of land for recreation – ермек орындарын/ жайларын көбірек сала түсу 3.ермек, хобби, қызық нәрсе/ іс (syn: hobby, pastime) ♦His recreations include golf, football and shooting. – Ол қызығатын нәрселердің ішінде гольф, футбол және мергендік бар.