recycle [ˌriːˈsaɪkl] v 1. ∼ smth ресайклдеу, қайта айналдыру, қайта өңдеу/ пайдалану ♦to recycle waste/rubbish – қоқысты қайта өңдеу ♦Denmark recycles nearly 85% of its paper. – Дания қағазының 85%-ін қайта өңдейді. ♦recycled materials – қайта өңделген материалдар ♦recycled plastic/glass/paper – қайта өңделген пластик/ әйнек/ қағаз ♦Salt water is recycled using a special filter. – Тұзды суды арнайы фильтрдің көмегімен қайта өңдейді. ♦∼ smth into smth The bottles were being recycled into a lower-quality product. – Бөтелкелерді/ Шөлмектерді сапасы төмендеу өнімдер етіп қайта өңдейді. ♦∼ smth from smth He makes his own fuel from used grease recycled from local restaurants. – Ол жергілікті ресторандардан шыққан сірне-сатпақты қайта пайдаланып отын қылады. 2. ∼ smth (идеяны, ойды, тб) қайта пайдалану/ қолдану ♦He recycled all his old jokes. – Ол өзінің көне қалжыңдарының бәрін тағы айтып шықты. ♦They endlessly recycle the same worn-out arguments. – Олар сол бір жауыры шыққан дәлелдерді қайта-қайта айтады.