redeem [rɪˈdiːm] v 1. ∼ smb/smth көңіл көншіту, жұбаныш болу; тәуір ету, дұрыстау, түзеу, оңдау (syn: compensate) ♦The excellent acting wasn't enough to redeem a weak plot. – Тамаша актерлік шеберлік нашар сюжетті жақсарта алмады. ♦The only redeeming feature of the job is the salary. – Жұмыстың жалғыз ғана көңіл көншітерлік жері – жалақысы. ♦She seems to have no redeeming qualities at all. – Мінезінің көңіл көншітерлік ешнәрсесі жоқ сияқты. ♦In an attempt to redeem the situation, Jed offered to help sell tickets. – Жағдайды түзеу үшін Джед билеттерді сатуға көмегін ұсынды. 2. ∼ yourself өзін жуып-шаю/ ақтау, қатесінің орнын толтыру ♦He has a chance to redeem himself after last week's mistakes. – Өткен аптадағы қателерінен кейін оның өзін ақтап алатын мүмкіндігі бар. 3. ∼ smb (христиандықта) өз кінәсін өтеу, өз кінәсінің орнын толтыру (искупить вину) ♦He was a sinner, redeemed by the grace of God. – Ол құдай мүсіркеген күнәһар еді. 4. ∼ smth қарызын өтеу/ қайтару ♦to redeem a loan/mortgage – қарызын/ ипотекасын өтеу/ өтеп болу 5. ∼ smth акцияларды, ваучерлерді, тб ақшаға я затқа айырбастау ♦This voucher can be redeemed at any of our branches. – Бұл ваучерді кез-келген филиалымыз айырбастай алады. 6. ∼ smth (ломбардқа, тб) ақшасын қайтарып өзінің кепілге қойған затын кері алу ♦He was able to redeem his watch from the pawnshop. – Ол ломбардтан сағатын қайтара алды. 7. ∼ a pledge/promise (formal) уәдесін орындау, уәдесінде тұру