refer [rɪˈfɜː(r)] v 1.жіберу, жөнелту; сілтеу ♦∼ smb/smth to smb/smth My doctor referred me to a specialist. – Дәрігерім мені маманға жіберді. ♦The company says it has referred the matter to its lawyers. – Компания істі (өз) адвокаттарына бергенін айтты. ♦The case was referred to the Court of Appeal. – Істі аппеляция сотына берді. ♦(formal) May I refer you to my letter of 14 May? – Мамырдың 14-індегі хатыма сілтеме жасасам бола(ды) ма екен? ♦Patients should be referred to a specialist pain clinic. – Пациенттерді/ Науқастарды шаншуды қарайтын арнайы клиникаға жіберу керек. 2. (phr v) * ∼ to smb/smth (as smth) еске алу, атау, меңзеу, деу ♦The victims were not referred to by name. – Жәбірленушілердің аттары ешқашан аталмады. ♦Her mother never referred to him again. – Қыздың анасы содан кейін жігіт жайлы айтқан емес. ♦You know who I'm referring to. – Кімді айтып/ меңзеп тұрғанымды білесің ғой. ♦I promised not to refer to the matter again. – Бұл мәселені қайта көтермеуге уәде еттім. ♦She always referred to Ben as ‘that nice man’. – Ол Бенді ылғи «әлгі жақсы адам» дейтін. ♦This process is often referred to as global warming. – Процесті көбінесе жаһандық жылыну дейді. *refer to smb/smth a) білдіру, қатысты/ байланысты болу ♦The star refers to items which are intended for the advanced learner. – Жұлдызша тереңдете оқитындарға арналған нәрселерді білдіреді. ♦The term ‘Arts’ usually refers to humanities and social sciences. - ‘Arts’ термині гуманитарлық пәндер мен әлеуметтік ғылымдарды білдіреді. ♦This paragraph refers to the events of last year. – Осы параграф былтырғы оқиғаларға байланысты. ♦The term ‘accent’ refers to pronunciation. The term ‘dialect’ refers to vocabulary and grammar. – «Акцент» термині дыбыстауды білдіреді. «Диалект» термині сөз қоры пен грамматиканы білдіреді. ♦These figures refer only to full time employees. – Бұл сандар/ көрсеткіштер толық күн жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты. b) (бірнәрседен) қарау, тексеру, оқу; сұрау, ақылдасу (syn: consult) ♦You may refer to your notes if you want. – Қаласаң, жазғандарыңа қарасаң болады. ♦to refer to a dictionary – сөздікке қарау ♦Please refer to the following documents for specific details of the programme. – Программадағы арнайы мәліметтер үшін келесі документтерге қараңыз.