reference [ˈrefrəns] A.n 1.айтып өту, деу, еске алу, сөз болу; меңзеу, сілтеме жасау ♦∼ to smb/smth She made no reference to her illness but only to her future plans. – Ол өзінің ауруы жайлы үндемеді, тек болашақ жоспарлары жайлы ғана айтты. ♦the President’s passing reference to the end of the war – соғыстың аяқталғанын президенттің үстіртін ғана айтып өтуі ♦Her book contains many biblical references. – Кітабында інжілге/ библияға көп сілтемелер жасаған. ♦She discreetly avoided any specific reference to religion. – Ол дін жөнінде нақты ештеңе әдейі айтпаған./ Ол дінге әдейі нақты сілтеме жасамаған. ♦∼ to doing smth The book is full of references to growing up in India. – Кітапта Индияда өскен шағы көп сөз болған. ♦There are frequent references in the text to the English Civil War. – Тексте ағылшын азамат соғысын жиі еске алған/ соғысына жиі сілтеме жасалған. 2.бірнәрседен информация/ мәлімет іздеу/ қарау ♦for ∼ A copy of the booklet is given to the employee for reference. – Брошюраның копиясы қызметкерге нұсқаулық ретінде беріледі. ♦Keep the list of numbers near the phone for easy reference. – Телефон номерлері тізімін керек болғанда қолдану үшін жақын жерге қой. ♦I wrote down the name of the hotel for future reference. – Керек болып қалар де қонақ үйдің атын/ атауын жазып алдым. ♦The library contains many popular works of reference. – Кітапханада көптеген пайдалы материалдар бар. ♦We provided reference materials about our Greek vase collection. – Грек вазалары коллекциямыз жайлы мәліметтерімізді бердік. ♦∼ to smth Reference to the guide shows that the word has been used in the latter sense. – Анықтамалықты тексергенде сөздің кейінгі мағынасында қолданылғаны байқалады. 3. (abbr ref.) сілтеме (сан, әріп, белгі) ♦The map reference is Y4. – Картадағы сілтеме - Y4. ♦Please quote your reference number when making an enquiry. – Сұрағанда өзіңіздің сілтеме саныңызды айтыңыз. 4. ∼ (to smb/smth) (formal) көмек/ ақыл сұрау, ақылдасу ♦The emergency nurse can treat minor injuries without reference to a doctor. – Жедел жәрдем бөліміндегі медбике/ медбауыр жеңіл жараларды дәрігерсіз-ақ емдейді. ♦The decision was made without reference to local managers. – Шешім жергілікті менеджерлермен/ басқарушылармен ақылдаспастан жасалған. 5. мінездеме (характеристика) ♦I'm sure she'll give you a good reference. – Оның саған жақсы мінездеме беретініне сенімдімін. ♦We will take up references after the interview. – Интервьюден/ Сұхбаттан соң мінездеме берген адамдармен хабарласамыз. ♦We'll need a reference from your current employer. – Қазіргі жұмыс орныңыздан бізге мінездеме керек. ♦She asked him to provide a reference for her. – Ол одан өзіне мінездеме беруін өтінді. 6. мінездеме (характеристика) беруші (syn: referee) ♦My previous boss will act as a reference for me. – Бұрынғы бастығым маған мінездеме беретін болады. ♦His former employer agreed to act as a reference for him. – Бұрынғы бастығы оған мінездеме беруге келісті. 7.сілтеме (кітаптағы белгілі бір мәліметтің қайдан алынғанын білдіретін жазба) ♦There is a list of references at the end of each chapter. – Әр тараудан соң сілтемелер тізімі бар. ♦For references, see Section D above. – Сілтемелер үшін жоғарыдағы D бөлімін қараңыз. ♦∼ to smth References to previous research are listed in an appendix. – Бұрынғы зерттеуге сілтемелер қосымшада берілген. 8. (idm) *in/with reference to (formal) (бірн-ге) сілтеме жасай отырып, сілтей ♦With reference to your letter of July 22… - 22 шілдедегі хатыңызға сілтеме жасай отырып... ♦I am writing with reference to your job application. – Сіздің жұмысқа тұруға жазған арызыңызға сілтей жазып отырмын. B.v (formal) ∼ smth сілеме жасау; (кітапта, тб) сілтемелер(ді) көрсету/ беру ♦Each chapter is referenced, citing literature up to 2018. – Әр тарауда пайдаланған және 2018 жылға дейін шыққан әдебиетке сілетеме(лер) берілген.