reflect [rɪˈflekt] v 1. (айнадан, судан, тб бейнесі) шағылыса көріну ♦be ∼ed (in smth) His face was reflected in the mirror. – Жүзі айнадан (шағылыса) көрінді. ♦She looked into the water and saw her face reflected there. – Суға қарап, өзінің шағылысқан жүзін көрді. ♦She could see herself reflected in his eyes. – Оның көздерінен өзінің шағылысқан бейнесін көре алды. 2. (сәуле, тб ж) шағылысу; (дыбыс ж) жаңғыру; кері серпілу ♦∼ smth The windows reflected the bright afternoon sunlight. – Терезелер түстен кейінгі шуақты күнге шағылысты. ♦This material absorbs the sound, and doesn’t reflect it. – Бұл материал дыбысты сіңіреді/ жұтады, жаңғыртпайды. ♦∼ smth When the sun's rays hit the earth, a lot of the heat is reflected back into space. – Күн сәулесі жерге жеткенде, қызудың көбі кеңістікке қарай кері серпіледі. ♦∼ The sun reflected dully off the stone walls. – Күн тас дуалдарға бұйығы шағылысты. 3. ∼ smth аңғарту, көрсету, білдіру ♦Our newspaper aims to reflect the views of the local community. – Газетіміз жергілікті қауымның пікірлерін білдіргенді мақсат тұтады. ♦His music reflects his interest in African culture. – Музыкасы өзінің Африка мәдениетіне деген ынтасын аңғартады. ♦Does popular culture reflect reality or distort it? – Көпшілік мәдениет шындықты аңғарта(ды) ма, жоқ бұрмалай(ды) ма? ♦Her remarks accurately reflect the views of most of us. – Оның сөздері көбіміздің/ көпшілігіміздің көзқарасымызбен астас(қан). 4. (мұқият) ойлану, ой елегінен өткізу, ойша таразылау ♦Before I decide, I need time to reflect. – Шешпес бұрын ойланып алуым керек. ♦∼ on/upon smth She was left to reflect on the implications of her decision. – Шешімімнің салдары қалай болады деп ол ойға шомды. ♦William had little time to reflect upon these episodes. – Осы сәттер жөнінде Уильямның ойланып-толғанып жататын уақты болмады. ♦∼ how, what, etc… She reflected how different it could have been. – Мүлде басқаша болар еді ғой деп ол ойға кетті. 5. (idm) *reflect well, badly on smb/smth (жұрт көзіне) жақсы/ жаман көріну, әсер ету ♦If my children are rude, that reflects on me as a parent. – Балаларым дөрекі болса, ата-ана ретінде жаман атты боламын.