reflex [ˈriːfleks] n рефлекс (дененің бірнәрсеге табиғи реакциясы/ жауабы) ♦The doctor tested her reflexes. – Дәрігер оның рефлекстерін тексерді. ♦to have quick/slow reflexes – тез/ баяу рефлекстері болу ♦a reflex response/reaction – табиғи жауап/ реакция ♦Only the goalkeeper's reflexes stopped the ball from going in. – Қақпашының шеберлігі ғана допты енгізбеді. ♦Almost as a reflex action, I grab my pen as the phone rings. – Телефон шыр етсе қаламыма жармасу әдет болып кеткен.