refresh [rɪˈfreʃ] v 1. ∼ smb/yourself сергу, тынығу ♦The long sleep had refreshed her. – Ұзақ ұйқы оны сергітті. ♦He refreshed himself with a cool shower. – Салқын душқа түсіп ол сергіді. 2. ∼ smth (especially NAmE, informal) (біреудің сусынын, тб) еселеу, тағы құю/ толтыру ♦Let me refresh your glass. – Стаканың(ыз)ды еселейін. 3. ∼ your/smb’s memory еске/ жадына алу/ түсіру, ойына түсіру (syn: jog) ♦He had to refresh his memory by looking at his notes. – Жазғандарына қарап ол ойын жинақтады. 4. ∼ (smth) (computing) (уэб-сайт бетін) жаңалау ♦Click here to refresh this document. – Документті жаңалау үшін мұнда клікте. ♦The page refreshes automatically. – Бет/ Парақ өзі жаңаланады.