refuge [ˈrefjuːdʒ] n 1.пана, баспана ♦a women's refuge – әйелдер баспанасы ♦a refuge for the homeless – үйсіздер (бас)панасы ♦A further 300 people have taken refuge in the embassy. – Елшілікті тағы 300 адам паналады. ♦The region was a place of refuge for outlaws and bandits. – Аймақ заң бұзарлар мен содырлардың панасы еді. ♦∼ from smb/smth They were forced to seek refuge from the fighting. – Олар (әскери) ұрыстан бас сауғалауға мәжбүр болды. ♦As the situation at home got worse she increasingly took refuge in her work. – Үйдегі жағдай асқынған сайын ол жұмысында бой тасалайтын болып алды. 2.пана, мекен, таса ♦The marshes are a wetland refuge for seabirds, waders and wild fowl. – Саздақтар теңіз құстары, шалшықшылар және жабайы құстар үшін пана. ♦∼ from smb/smth He regarded the room as a refuge from the outside world. – Ол бөлмені тыс дүниеден пана/ таса деп білді. 3. (also island (both BrE), traffic island) жол ортасындағы қауіпсіз тұс