refuse 1 [rɪˈfjuːz] v 1.бас тарту, көнбеу, тб ♦∼ to do smth He flatly refused to discuss the matter. – Ол мәселені талқылаудан сыпайы бас тартты/ талқылауға көнбеді. ♦She refused to accept that there was a problem. – Ол проблеманың бар екенін мойындамай қойды. ♦My brother refused to allow anyone to help him. – Бауырым ешкімді өзіне көмектестірмеді. ♦She refused to comment further. – Ол әрі қарай пікір айтпай қойды. ♦He has steadfastly refused to answer my questions. – Ол сұрақтарыма жауап бермей тұрып алды. ♦They simply refuse to give up. – Олар ісін (тб) тастаудан бас тартуда./ Олар ісін (тб) тастамауда. 2. ∼ (smth) қабыл алмау; бас тарту (syn: turn smb/smth down) ♦I politely refused their invitation. – Олардың шақыруынан сыпайы бас тарттым. ♦The job offer was simply too good to refuse. – Жұмыс туралы ұсынысқа төтеп бере алмадым. ♦I must refuse your generous offer. – Кеңпейіл ұсынысыңыздан бас тартуым керек. 3.көнбеу, келіспеу, бас тарту (syn: deny) ♦∼ smth He refused our request for an interview. – Ол сұхбаттасайық деген өтінішімізден бас тартты. ♦The bank refused his demand for a full refund. – Банк оның ақшаны толық қайтарыңдар деген талабын орындамай қойды. ♦The authorities refused permission for the new housing development. – Билік орындары жаңа үй-жай салуға рұхсат бермей қойды. ♦The judge refused her application for bail. – Судья оның кепілге шықпақ өтінішін орындамады. ♦She would never refuse her kids anything. – Ол балаларынан ештеңе аямайды. 4.істемей қалу, тб ♦The car refused to start. – Машина оталмай қойды. ♦The problem simply refuses to go away. – Проблеманың өздігінен шешілетін түрі жоқ. ♦My ear infection is refusing to heal. – Құлағымның инфекциясы жазылмай қойды.
refuse 2 [ˈrefjuːs] n (formal) қоқыс, күл-қоқыс, қоқсық (syn: rubbish) ♦domestic/household refuse – үйден шыққан қоқыс/ үй қоқысы ♦the city refuse dump – қаланың қоқыс тастайтын жері ♦refuse collection/disposal – қоқыс жию/ жайғастыру