regret [rɪˈɡret] A.v 1.өкіну, қынжылу, күйіну, сан соғу, қапа болу, бармақ тістеу, қапалану, әттегенайлау ♦∼ smth If you don't do it now, you'll only regret it. – Бұны істемесең(із), өкінетін/ сан соғатын боласың(ыз). ♦The decision could be one he lives to regret. – Бұл оны өмір бойы өкіндіретін шешім болуы мүмкін. ♦I soon came to regret my action. – Көп ұзамай дұрыс істемегенімді ұғып қапа болдым. ♦‘I've had a wonderful life,’ she said, ‘I don't regret a thing.’ – «Өмірім керемет болды», деді ол, «Еш нәрсеге өкінбеймін». ♦She regretted the words the moment they were out of her mouth. – Неге ғана айттым екен деп ол өкінді. ♦∼ doing smth He bitterly regretted ever having mentioned it. – Бұны неге ғана айттым екен деп ол қатты өкінді. ♦I never regretted dropping out of college. – Колледжден шығып қалғаныма еш бір өкінген емеспін. ♦∼ what, how, etc… I deeply regret what I said. – Айтқан сөздеріме өкінемін. ♦∼ that I regret that I never got to meet him in person. – Оның өзімен жолықпағаныма өкінемін. 2. (formal) қынжылу, қынжылыс/ өкініш білдіру ♦∼ smth The airline regrets any inconvenience. – Авиакомпания кез-келген қолайсыздық үшін қынжылыс білдіреді. ♦The president said that his country deeply regretted the incident. – Президент оқиғаға бола қынжылыс білдірді. ♦The United States regrets the loss of innocent civilian lives. – Құрама Штаттар жазықсыз жандардың қаза болғанына қынжылыс білдіреді. ♦∼ that I regret that I am unable to accept your kind invitation. – Сіздің шын пейілмен шақыруыңызды қабыл ала алмайтыныма қынжыламын. ♦I very much regret that I cannot be with you this evening. – Бүгін кешке сізбен бола алмайтыныма өте қынжыламын. ♦∼ to do smth We regret to inform you that your application has not been successful. – Өтінішіңіздің өтпегенін қынжыла хабарлаймыз. ♦I regret to say that we cannot let you have the picture. – Суретке түсіре алмайтыныңызды қынжыла айтамыз. ♦it is ∼ted that… It is to be regretted that so many young people leave school without qualifications. – Өкінішке орай, көптеген жас мектепті ешбір квалификациясыз/ мамандықсыз/ біліктіліксіз аяқтайды. B.n өкініш, өкіну, қынжылыс, қынжылу, қапа болу, сан соғу, әттегенайлау, бармақ тістеу, күйіну ♦a feeling/pang/twinge of regret – өкініш сезімі/ шаншуы/ тызылы ♦It is a matter of regret that no proper investigation was carried out at the time. – Дер кезінде дұрыс тергеудің жүргізілмегені өкінішті(-ақ). ♦What is your greatest regret? – Ең өкінетін нәрсеңіз не? ♦with ∼ It is with great regret that I accept your resignation. – Отставкаң(ыз)ды қатты қынжыла қабылдаймын. ♦∼ at smth She expressed her regret at the decision. – Шешімге ол қынжылыс білдірді. ♦∼ at doing smth She admitted her regrets at having had to give up her youthful ambitions. – Ол жастық арманын тастағанына өкінетінін мойындады. ♦∼ about doing smth I have no regrets about leaving Newcastle. – Ньюкаслден кеткеніме өкінбеймін. ♦∼ about smth He confessed to a few regrets about his time in Parliament. – Бірнеше адамға ол парламентте болғанына өкінетінін мойындады. ♦∼ for smth There has still been no official expression of regret for their deaths. – Олардың өлімі үшін әлі ресми қынжылыс білдірілмеді. ♦He gave up teaching in 2009, much to the regret of his students. – Студенттерінің өкінішіне орай, ол мұғалімдікті 2009 жылы қойды.