regulation [ˌreɡjuˈleɪʃn] A.n 1.ереже, нұсқау(лық), тәртіп, инструкция ♦too many rules and regulations – тым көп ереже мен нұсқау ♦fire/building regulations – өрт қауіпсіздігі/ құрылыс ережелері ♦the strict regulations governing the sale of weapons – қаруды сатуды реттейтін қатаң ережелер ♦safety regulations – қауіпсіздік ережелері 2.реттеу, бақылау ♦the voluntary regulation of the press – баспасөз саласындағы ерікті реттеу B.adj (ресми ережелерге сай) киілетін, қолданылатын, тб ♦in regulation uniform – жұмыс униформасында ♦She was wearing the regulation school uniform. – Ол міндетті мектеп киімін киіп жүрді.