reign [reɪn] A.n 1. билік құрған заман, билеп тұрған кез (корольдің/ ханның, тб) ♦By the end of his reign, the vast empire was in decline. – (Оның) патшалығының соңына қарай ауқымды империя құлдырауда еді. ♦in/during a ∼ The house was built during the reign of Henry VIII. – Үйді VIII Генрихтің заманында салған. 2. (біреу) басқарып тұрған кез(ең) ♦Sir Alex Ferguson's reign at Manchester United – сэр Алекс Фергюсонның Манчестер Юнайтедте бапкер болған кезі ♦The story only came out during the final days of his reign as Chief Executive. – Әңгіме оның бас атқарушылық қызметі тәмамдалар тұста пайда болды. B.v 1. (патша, король, тб ретінде) билік құру, билеу ♦It was the first visit by a British reigning monarch to Russia. – Бұл Британияның билеуші монархының Ресейге алғашқы сапары еді. ♦Queen Victoria reigned from 1837 to 1901. – Королева Виктория 1837-ден 1901 жылға дейін биледі/ билік құрды. ♦∼ over smb/smth Herod reigned over Palestine at that time. – Ол кезде Палестинаны Герод билеген еді. 2. ∼ (over smb/smth) ең үздік/ мықты/ шебер ♦She will face the reigning champion in her first round match. – Алғашқы матчында ол қазіргі чемпионмен кездеседі. ♦In the field of classical music, he still reigns supreme. – Классикалық музыка саласында ол әлі көш басында. 3. (literary) (идея, сезім, тб ж) үстем/ басым болу ♦At last silence reigned. – Ақыры үнсіздік орнады. ♦For a while, chaos and confusion reigned. – Біраз уақытқа жағдай шым-шытырық болып кетті.