reject A.v [rɪˈdʒekt] 1. ∼ smth қабыл алмау, қабылдамау, құптамау ♦to reject an argument/a hypothesis/a notion/a plan – дәлелді/ болжамды (гипотезаны)/ ұғымды/ жоспарды құптамау/ қабыл алмау ♦to reject a claim/an offer/a request/an application – дауды/ ұсынысты/ өтінішті қабыл алмау ♦The bank has the option of accepting or rejecting this offer. – Банк осы ұсынысты құптаса да, құптамаса да өзі біледі. ♦The prime minister rejected any idea of reforming the system. – Премьер-министр жүйені реформалау туралы кез-келген ұсынысты ысырды. 2. ∼ smb (жұмысқа, тб) алмау, қабылдамау ♦Please reject the following candidates… - Келесі кандидаттарды/ үміткерлерді қабылдамаңыз... ♦I've been rejected by all the universities I applied to. – Өтініш берген университеттердің ешқайсысы мені қабылдамады. ♦Some applicants were rejected outright. – Кейбір өтініш берушілерді бірден қабылдамай тастады. ♦We considered offering him the job, but finally rejected him. – Оған жұмысты берсек пе деп ойлағамыз, бірақ ақыры одан бас тарттық. 3. ∼ smth қабылдамау, керісінше шешу ♦Imperfect articles are rejected by our quality control. – Нашар заттарды сапа бақылауы қабылдамайды. ♦The book was at first rejected by publishers. – Кітапты алдымен(ен) баспагерлер қабылдамады. 4. ∼ smth (трансплантталған орган ж) кірікпеу, бітіспеу 5. ∼ smb/smth жатырқау, бауырына алмау, өгейсіту, (кеудесінен) итеру, тастау ♦The lioness rejected the smallest cub, which died. – Арыстан бауырына алмаған соң ең кішкентай күшік өліп қалды. ♦When her husband left home she felt rejected and useless. – Күйеуі үйден кеткенде ол (әйел) тұл жетімдей болды да қалды/ жападан жалғыз қалғандай сезінді. B.n [ˈriːdʒekt] 1.қабылданбаған/ құпталмаған нәрсе 2. (қоғам, тб) өгейсіткен/ шеттеткен адам ♦one of society’s rejects – қоғамның өгей мүшелерінің бірі