rejoice [rɪˈdʒɔɪs] v (formal) 1.шаттану, шаттыққа бөлену, қуану, мәз-мәйрам/ мәре-сәре болу ♦When the war ended, people finally had cause to rejoice. – Соғыс біткенде жұрттың кеудесіне қуаныштары сыймады. ♦∼ at/in/over smth The motor industry is rejoicing at the cut in car tax. – Автоиндустрия көлік салығының азайғанына мәз болуда. ♦∼ to do smth They rejoiced to see their son well again. – Балаларын аман көріп олар шаттанды. 2. (idm) *rejoice in the name of… (BrE, humorous) бірқызық/ күлдіргі аты/ есімі бар болу ♦He rejoiced in the name of Owen Owen. – Оның Оуен Оуен деген бір қызық аты бар еді. ♦He rejoices in the name of Pigg. – Оның Пигг (шошқа) деген қызық бір фамилиясы бар.