relationship [rɪˈleɪʃnʃɪp] n 1.қатынас, байланыс, араластық ♦a personal/working relationship – өзара араласу (араластық) (жеке қатынас)/ жұмыс бойынша қатынасу (қатынас) ♦a master-servant relationship – қожа-малай қатынасы ♦This is an opportunity to build positive customer relationships. – Бұл – клиенттермен жақсы қатынас орнататын мүмкіндік. ♦the bilateral relationship between the US and China – АҚШ пен Қытай арасындағы екіжақты қатынастар ♦∼ with smb She has a very close relationship with her sister. – Ол әпкесімен/ сіңлісімен тығыз араласады. 2.ғашықтық қатынастар, көңілдестік, жыныстық қатынас(тар), ойнастық, жүру ♦Their affair did not develop into a long-term relationship. – Олар (бір-бірімен) біраз жүргенімен, ұзаққа созылған ғашықтыққа ұласпады. ♦It was his first sexual relationship. – Бұл оның әйелмен алғаш болуы еді. ♦∼ with smb She was having a relationship with a younger man. – Ол бір жасырақ жігітпен жүріп жүрген. ♦in a ∼ Are you in a relationship? – Жүріп жүрген біреуің бар ма? 3. (өзара) байланыс, арақатынас; қатыстылық ♦relationship between poverty and crime – кедейлік пен қылмыс арасындағы байланыс ♦relationship between creation and pain – творчество мен жан азабы арасындағы байланыс ♦∼ to smth This comment bore no relationship to the subject of our conversation. – Бұл айтылған сөздің әңгіме тақырыбына қатысы болмады. ♦the complex relationship of culture to politics – мәдениеттің саясатпен күрделі байланысы ♦in ∼ to smth They measured height in relationship to weight. – Олар бойдың/ биіктіктің салмаққа қатысын өлшеді. ♦∼ with smth Job insecurity had a significant relationship with alcohol abuse. – Жұмыссыздықтан қорқу мен араққа салыну арасында біршама байланыс бар. 4.туыстық, туысқандық, туыстық байланыс/ қатынас ♦They have a very healthy father-son relationship. – Әкесі мен ұлының арасы жақсы. ♦∼ between A and B I'm not sure of the exact relationship between them - I think they're cousins. – Араларында нақты не туыстық бар екенін нақты білмеймін – жиендер болар. ♦∼ to smb their relationship to each other – олардың бір-біріне туыстығы.