relative [ˈrelətɪv] A.adj 1.салыстыра қараған/ бағалаған, қатысты ♦You must consider the relative merits of the two plans. – Екі жоспардың мықты жақтарын салыстыра қарау керек. ♦We need to assess the relative importance of each of these factors. – Осы факторлардың маңызын салыстыра бағалауымыз керек. ♦We need to assess the relative strengths and weaknesses of each system. – Әр жүйенің мықты және осал жақтарын салыстыра отырып бағалауымыз керек. 2.салыстырма түрде, салыстыра қарағанда, қатысты (syn: comparative) ♦They now live in relative comfort. – Олар енді бұрынғысына қарағанда тәуір тұрады. ♦We won the game with relative ease. – Ойынды басқа ойындарға қарағанда оңайырақ ұттық. ♦Given the failure of the previous plan, this turned out to be a relative success. – Осыдан бұрынғы жоспардың омақасқанын ескергенде, бұны табысты болды деуге болады. ♦It's all relative though, isn't it? We never had any money when I was a kid and $500 was a fortune to us. – Не нәрсенің қадірін салыстыра отырып білесің, солай емес пе? Бала күнімде ақшамыз жоқ еді, $500 дәулет болатын. 3. (idm) *relative to smb/smth a) салыстырғанда, салыстыра қарағанда, қатысты ♦the position of the sun relative to the earth – күннің жерге қатысты орны/ позициясы ♦The movements of the continents relative to each other can be measured. – Континенттердің/ Құрлықтардың бір-біріне қатысты жылжуын өлшеуге болады. ♦The company employs too many people relative to the size of its business. – Өзінің көлеміне қарамай, компания тым көп адам жалдайды. b) қатысты, байланысты ♦He may have information relative to the case. – Осы іске қатысты онда мәлімет болуы мүмкін. B.n туысқан, туыс (syn: relation) ♦a close/distant relative – жақын/ алыс туыс(қан) ♦her friends and relatives – достары мен туыстары