relatively [ˈrelətɪvli] adv 1.біршама, біраз, әжептәуір, кәдімгідей, айтарлықтай, пәлендей ♦relatively large/small/high/low – біршама үлкен/ кіші/ биік/ төмен ♦I found the test relatively easy. – Тест/ Сынақ маған оңайлау көрінді. ♦These students had a relatively simple task. – Оқушылардың тапсырмасы біршама жеңіл болды. ♦We had relatively few applications for the job. – Жұмысқа тұрғысы келгендер біршама аз болды. ♦I have relatively little to do this afternoon. – Бүгін түстен кейін істейтін пәлендей шаруам жоқ. ♦At the time, the internet was a relatively new phenomenon. – Ол кезде интернетті жұрт біле бермейтін. ♦In the early 1960s divorce was still relatively rare. – 1960 жылдардың басында ажырасу біршама аз болатын. 2. (idm) *relatively speaking жалпы айтқанда, салыстыра/ таразылай алғанда ♦Relatively speaking, these jobs provide good salaries. – Жалпы, бұл жұмыстардың жалақысы жақсы. ♦The colleges had become, relatively speaking, short of funds. – Салыстыра алғанда, колледждердің қаржысы азайды. ♦Relatively speaking, land prices are still pretty cheap here. – Салыстыра алғанда, жер учаскелерінің бағасы бұнда әлі де арзан.