relax [rɪˈlæks] v 1.тынығу, сергу, жайбарақат болу, жаны жайлану, жаны жай табу, демалу, босаңсу, бейқам болу (syn: unwind) ♦Just relax and enjoy the movie. – Жайбарақат фильмді көр(гін). ♦I'm going to spend the weekend just relaxing. – Апта соңында әшейін тынықпақшымын. ♦He was relaxing at home, watching TV. – Ол үйінде жайбарақат телевизор көріп жатқан. ♦She finished her lunch and then relaxed in the sun. – Түскі асын ішті де күнде тынықты.2.тыншу, тынышталу, босаңсу, бейқам болу, көңілі жай табу, сергу ♦I'll only relax when I know you're safe. – Аман-сау екеніңді білгенде ғана тыншимын. ♦I can't relax until I've spoken to her myself. – Онымен өзім сөйлеспейінше тынши алмаймын. ♦Relax! Everything will be OK. – Жә, енді! Бәрі дұрыс болады. ♦∼ smb A herbal tea will relax you. – Шөп шай жаныңды сергітеді/ жаныңа жай таптырады. 3. (дене, бұлшық, тб ж) босаңсу, болбырау, құрыс-тырысы жазылу, сергу ♦Allow your muscles to relax completely. – Бұлшық еттеріңді/ Денеңді толығымен босаңсыт. ♦∼ smth The massage relaxed my tense back muscles. – Уқалағаннан/ Массаждан соң құрысқан арқам босаңсыды. ♦He relaxed his grip on her arm. – Ол оның білегінен қыса ұстап барып уысын босаңсытты. ♦(figurative) The dictator refuses to relax his grip on power. – Диктатор биліктегі уысын босатқысы келмейді. ♦His severe expression relaxed into a half-smile. – Оның қатаң жүзі жартылай жымиған болды. 4. ∼ smth (ережені, заңды, тб) босаңсыту, жеңілдету ♦to relax rules/restrictions/regulations/requirements – ережені/ шектеулерді/ ережелерді/ талаптарды босаңсыту ♦government plans to relax the licensing laws to allow round-the-clock drinking – тәулік бойы арақ-шарап сатуға рұхсат беру үшін үкіметтің лицензия заңын босаңсытпақ жоспарлары ♦The council has relaxed the ban on dogs in city parks. – Жергілікті кеңес қала парктерінде иттерге салған тыйымын босаңсытты. 5. ∼ smth назарын/ жанарын бәсеңдету/ босаңсыту/ әлсірету ♦You cannot afford to relax your concentration for a moment. – Бір сәтке назарды бәсеңдетуге/ босаңсытуға болмайды.