relaxation [ˌriːlækˈseɪʃn] n 1. [қ-з: relax (1)] ♦I go hill-walking for relaxation. – Жотаны кезіп сергимін. ♦Fishing is his favourite relaxation. – Балық аулау оның жанын ең сергітетін нәрсе/ ең жаны жай табатын нәрсесі. ♦a few days of relaxation – бірнеше күн тынығыс/ сергу 2. [қ-з: relax (2)] ♦Some people take up yoga to aid relaxation. – Жан-тәнін босаңсыту/ сергіту үшін кейбір адамдар йогамен айналысады. ♦It's a good idea to learn some relaxation techniques. – Жан-тәнді босаңсыту/ сергіту техникасын/ амалдарын үйрену – жақсы ой/ идея. 3. [қ-з: relax (3)] ♦an ointment that helps muscle relaxation – бұлшық етті босаңсытатын/ сергітетін май ♦drugs that cause the relaxation of the muscle - бұлшық етті босаңсытатын/ сергітетін дәрілер 4. [қ-з: relax (4)] ♦the relaxation of foreign currency controls – шетелдік валюталарға деген қадағаны босаңсыту ♦a relaxation of travel restrictions – сапар шектеулерін босаңсыту