relaxed [rɪˈlækst] adj 1. (кісі ж) жайбарақат, көңілі тыншыған, бейқам, алаңсыз, бойкүйез, селқос, бұйығы, марғау ♦He appeared relaxed and confident before the match. – Матч алдында ол бейқам әрі мығым/ (өз-өзіне) сенімді көрінді. ♦She had a very relaxed manner. – Ол қашан да бұйығы жүретін. ♦She looked completely relaxed, as if she didn't have a worry in the world. – Ол бұл дүниеде ешбір уайымы жоқтай, мүлде бейқам көрінді. ♦∼ about smth I’m feeling more relaxed about the future now. – Келешек жөнінде енді пәлендей уайымдамаймын. 2. (орын, жер ж) тыныш, бойкүйез, маужыраған, бұйығы, марғау ♦a family-run hotel with a relaxed atmosphere – бір семьяның қарамағындағы бұйығы қонақ үй ♦Candles and soft music create a relaxed environment. – Май шамдар мен жұмсақ музыка бұйығы күй жаратады/ орнатады. 3.енжар, салғырт, самарқау, бойкүйез, бұйығы, селқос (syn: laid-back) ♦I take a fairly relaxed attitude towards what the kids wear to school. – Балалар мектепке не кисе де пәлендей уайымдамаймын.