release [rɪˈliːs] A.v 1. (қамаудан, тб) босату, шығару ♦∼ smb to release a prisoner – тұтқынды босату ♦The hostages were released unharmed. – Кепілге алған адамдарды аман-есен босатты. ♦∼ smb from smth to release somebody from prison/jail/hospital – біреуді түрмеден/ абақтыдан босату/ ауруханадан шығару ♦Firefighters took two hours to release the driver from the wreckage. – Жүргізушіні қирандыдан босату үшін өрт сөндірушілер екі сағат алысты. 2. (ұстаған нәрсені, тб) босату, жіберу (syn: let go, let loose) ♦∼ smth He refused to release her arm. – Ол оның қолын босатпай/ жібермей қойды. ♦Intense heat is released in the reaction. – Реакция кезінде қатты ыстық бөлінеді. ♦The chemical reaction releases energy in the form of light. – Химиялық реакция энергияны жарық/ сәуле күйінде бөледі. ♦The birds were cleaned and fed and released again into the wild. – Құстарды тазалап, қоректендіріп, табиғатқа қайтарды. 3. ∼ smth көңілі босау, ішкі сезімін білдіру ♦She burst into tears, releasing all her pent-up emotions. – Ол жылап жіберіп, ішінде қыстыққан/ булыққан сезімін ақтарды. ♦She laughed, the tension inside her suddenly released. – Ол күлгенде ішін кернеген кернеу кенет босады. 4. ∼ smth (бірн-ні) босату, жіберу ♦to release the clutch/handbrake/switch – муфтаны/ қол тормозын/ қосқышты босату ♦Now release the clutch and move away from the kerb. – Енді муфтаны жіберіп, бордюрден шегін. 5. (хабарды, тб) жариялау, жария ету, тарату ♦∼ smth to release a statement/report/document/poll/study – мәлімдеме/ есеп/ документ/ сауалнама/ зерттеу қорытындысын жариялау ♦to release figures/results/information/data – сандарды/ нәтижелерді/ информацияны/ деректі жариялау ♦Police have released no further details about the accident. – Полиция оқиға жайлы басқа хабар таратпады. 6. ∼ smth (фильмді, телехабарды, тб) жасап шығару, (жұртқа) көрсету, тарату ♦He's planning to release a solo album. – Ол өзінің соло альбомын шығармақшы. ♦to release a film/video – фильм/ видео шығару 7. ∼ smth (қаражат, ресурс, тб) бөлу, беру ♦The new building programme will go ahead as soon as the government releases the funds. – Үкімет қаражат(ты) бөлген уақытта жаңа құрылыс басталады. 8. (қызметінен, міндетінен) босату, шығару ♦∼ smb The club is releasing some of its older players. – Клуб біраз көне ойыншыларын босатуда. 9. ∼ smth босаңсыту, босату, жіберу ♦You need to release the tension in these shoulder muscles. – Осы құрысқан иық бұлшық еттерін босаңсытуың керек. ♦to release a catch/a screw/a nut/the clutch/the brakes – ұстаған нәрсені/ бұранданы/ гайканы/ муфтаны/ тормозды босату/ жіберу B.n 1. [қ-з: release (A1)] ♦∼ of smb/smth The government has been working to secure the release of the hostages. – Үкімет кепілге алған адамдарды босату үшін әрекеттенуде. ♦release of prisoners – тұтқындарды босату ♦The public demanded her release. – Жұрт оны босатуды талап етті. ♦∼ from smth Following his release from prison, he moved to London. – Түрмеден босаған/ шыққан соң ол Лондонға жылжыды. 2. [қ-з: release (A6)] ♦The new software is planned for release in April. – Жаңа софтты/ комп-к программаны сәуірде шығармақ. ♦It is very difficult for a Brazilian film to get an American release. – Бразилиялық фильмнің Америка рыногына енуі өте қиын. ♦The film never received a theatrical release. – Фильмді кинотеатрларда ешқашан көрсеткен емес. ♦The movie goes on general release next week. – Фильмді келесі аптада кинотеатрларда көрсете бастайды. 3. (жаңа) шығарылым, көрсетілім ♦recent/new releases – кейінгі/ жаңа көрсетілімдер ♦the latest releases – кейінгі көрсетілімдер/ шығарылымдар ♦There are several interesting album releases due out on Friday. – Жұма күні шығатын бірнеше қызық жаңа альбомдар бар. ♦This is a debut release that'll simply take your breath away. – Бұл жаңа дебют жан-дүниеңді тебірентеді. 4. [қ-з: release (A5)] ♦the release of the report – баяндаманы жария ету ♦The company issued a news release after the board meeting. – Басқарма жиналысынан соң компания хабар таратты. 5.босату, жіберу, бөлу, шығару ♦Release of these hormones gives the body a temporary increase in strength and energy. – Осы гормондар бөлінгенде денедегі күш-қуат уақытша артады. ♦∼ of smth into smth the release of carbon dioxide into the atmosphere – көмір қышқыл газдың ауаға жайылуы ♦to monitor radiation releases – радиацияның бөлінуін қадағалау 6. (көңіл-күй ж) босаңсу, тыншу, жеңілдену ♦a sense of release after the exam – емтиханнан соң көңілі тыншу ♦It’s just a release of tension. – Әшейін, бойды кернеген күшті шығару керек болды.