relief [rɪˈliːf] n 1.көңлі орнына түсу, жеңілдену, тыншу, үстінен ауыр жүк түскендей болу ♦I felt a huge sense of relief when I heard they were all OK. – Олардың бәрінің жақсы екенін естігенде көңлім орнына түсті. ♦We all breathed a sigh of relief when he left. – Ол кеткенде бәріміз де уһ дедік. ♦Much to my relief the car was not damaged. – Машинаның бүлінбегенін көріп көңлім тыншыды. ♦News of their safety came as a great relief. – Олардың амандығы туралы хабар бойға меңдеген уайымды басты. ♦She sighed with relief. – Ол жеңілдене уһ деді. 2. (шаншуды, уайымды, тб) басу, бәсеңдету ♦modern methods of pain relief – шаншуды басудың қазіргі тәсілдері ♦∼ of smth the relief of symptoms/suffering/poverty/pain – симптомдарды/ қиналысты/ кедейлік тауқыметін/ шаншуды басу/ жеңілдету ♦∼ from smth The drugs only provided temporary relief from the pain. – Дәрілер шаншуды уақытша ғана басты. 3. көмек, жәрдем (ретінде берілген азық-түлік, қаражат, дәрі-дәрмек, тб) (syn: aid) ♦disaster relief – апат көмегі (апат кезінде берілген көмек) ♦relief efforts/operations – жәрдем беру әрекеті/ операциясы ♦relief organizations/supplies/work – жәрдем беру ұйымдары/ жеткізіліп жатқан жәрдем/ жәрдем беру жұмыстары ♦We raised £5 000 for famine relief. – Ашаршылыққа көмек ретінде £5 000 жидық. 4. (especially NAmE) үкіметтің ақшалай жәрдемі/ көмегі 5. (also tax relief) салық жеңілдігі, салық мөлшерінің азаюы ♦relief on mortgage interest payments – ипотеканың проценттік ставкасының азаюы 6. (көңілдегі) серпіліс, көңіл аулау, елеңдеушілік, қызық ♦a few moments of light relief in an otherwise dull performance – жалықтырар концерттегі қысқа сәттік қызық ♦There was little comic relief in his speech. – Ол сөзіне аз ғана әзіл қосып жұрттың көңілін аулады. ♦from ∼ smth The calm of the countryside came as a welcome relief from the hustle and bustle of city life. – Ауылдағы тыныштық қаланың арпалысқан тіршілігінен кейін көңілді жұбатты. 7. (кісінің, топтың, тб орнына келетін) ауысым, кезек ♦The next crew relief comes on duty at 9 o'clock. – Келесі топ сағат 9-да қызметке кіріседі. ♦We have a pool of relief drivers available to us. – Бізде керек кезде жәрдемге келетін жүргізушілер бар. 8. ∼ of… (жау қоршауын) бұзу, сөгу, ысыру ♦the relief of Mafeking – Мафекиң қоршауын сөгу 9. (безендіру/ декорация ретіндей қашап, тб жасаған) бедер, рельеф ♦The column was decorated in high relief with scenes from Greek mythology. – Колоннада грек мифологиясындағы көріністерді шығыңқы етіп бедерлеген/ көріністерді рельеф түрінде салған. ♦The bronze doors are covered with sculpted reliefs. – Қола/ Жез есіктерді бедер/ рельеф жапқан. ♦(ауысп мағ) The snow-capped mountain stood out in sharp relief against the blue sky. – Ұшын/ Шыңын қар басқан тау көк аспан астында ерекшеленді. ♦(ауысп мағ) Their differences have been thrown into sharp relief by the present crisis. – Олардың арасындағы келіспеушілік қазіргі кризис кезінде көзге бірден түсті.