relieve [rɪˈliːv] v 1. ∼ smth (жайсыз сезімді, шаншуды, тб) басу, бәсеңдету, жеңілдету, азайту ♦to relieve the symptoms of a cold – суықтың (суықтан болған қызудың) симптомдарын басу ♦to relieve anxiety/guilt/stress – уайымды/ кінә сезімін/ торығуды (стресті) басу/ бәсеңдету ♦Being able to tell the truth at last seemed to relieve her. – Ақыры шындықты айтып, жүрегі жеңілденгендей болды. 2. ∼ smth (қиындықты) жеңілдету, азайту (syn: alleviate) ♦efforts to relieve poverty – кедейлікті азайту әрекеті ♦to relieve traffic congestion – көлік кептелісін азайту ♦to relieve the famine – ашаршылықты жеңілдету 3. ∼ smth көңіл аулау, көңіл көтеру ♦We played cards to relieve the boredom of the long wait. – Ұзақ күтіп сарсылып, біраз карта ойнап тыншығымыз келді. ♦The black and white pattern is relieved by tiny coloured flowers. – Ақ-қара өрнекті титтей реңкті гүлдер жұмсартқан. 4. ∼ smb ауыстыру, алмастыру ♦to relieve a sentry – күзетшіні ауыстыру ♦You'll be relieved at six o'clock. – Сені сағат алтыда ауыстырады. 5. ∼ smth (жау қоршауын) бұзу, сөгу, ысыру 6. ∼ yourself түзге отыру (туалетке баруды сыпайы айтқанда қолд) ♦I had to relieve myself behind a bush. – Бұтаның артына барып түзге отыруыма тура келді. 7. (phr v) *relieve smb of smth a) (біреудің жүгін, жұмысын, тб) жеңілдету ♦Let me relieve you of some of your bags. – Біраз сөмке(лері)ңді алып сені жеңілдетейін. ♦The new secretary will relieve us of some of the paperwork. – Жаңа хатшы бізді біраз қағаздан босатады. b) (informal, ironic) ұрлау, жымқыру, қымқыру ♦A boy with a knife relieved him of his wallet. – Бәкілі бала оның әмиянын (кошелегын) жымқырыпты. c) (қызметінен, тб) босату ♦The party leader has been relieved of his post. – Партия жетекшісі орнынан босады.