reluctant [rɪˈlʌktənt] adj ынтасыз, қаламаған, құлықсыз, ниетсіз, еріксіз (opp: eager) ♦He finally gave a reluctant smile. – Ол ақыры еріксіз жымиды. ♦They nodded in reluctant agreement. – Олар еріксіз келісе бас шұлғыды. ♦∼ to do smth She was reluctant to admit she was wrong. – Ол өз қатесін мойындағысы келмеді. ♦a reluctant hero – жұрт көзіне түскісі келмейтін батыр