remember [rɪˈmembə(r)] v 1.есінде/ жадында болу ♦∼ smb/smth This is Carla. Do you remember her? – Бұл – Карла (ғой). Таныдың ба?/ Есіңде ме? ♦I don't remember my first day at school. – Мектептегі алғашқы күнім есімде жоқ. ♦I'll always remember this holiday. – Бұл демалыс әрқашан жадымда болады. ♦She doesn't remember a thing about it. – Ол бұл жайлы мүлде білмейді/ есінде жоқ. ♦As far as I can remember, this is the third time we've met. – Жаңылмасам, бұл – үшінші жолығысымыз. ♦I remember watching the film on television. – Фильмді телевизордан көргенім есімде. ♦I seem to remember the film being genuinely scary. – Фильмнің шынымен де қорқынышты екені есімде сияқты. 2.есіне/ жадына түс(ір)у, есінде/ жадында болу ♦You were going to help me with this. Remember? – Маған осы бойынша көмектесемін деп едің ғой. Есіңде ме? ♦If I remember correctly, you were supposed to collect the keys on your way here. – Жаңылмасам, осында келе жатып кілттерді алуың керек еді ғой. ♦I'm sorry - I can't remember your name. – Ғафу өтінемін – атың(ыз) есімде жоқ. ♦I can't remember a time when I didn't feel this way. – Бұдан басқа ойда болғаным есімде жоқ. ♦He couldn't remember the words to any of the songs. – Ол әндердің ешқайсысының сөзін есіне түсіре алмады. 3.есте/ жадында ұстау/ сақтау, ұмытпау ♦Remember (that) you may feel sleepy after taking the pills. – Бұл дәрілерді ішкеннен соң ұйқың келуі мүмкін екенін есте ұста(ңыз). ♦The thing to remember is that all of this will take time. – Бұның бәріне уақыт кететінін есте ұстау керек. 4.ұмытпау, есте ұстау ♦Remember to call me when you arrive! – Жеткеніңде маған телефон шалуды ұмытпа! ♦Remember to keep your doors and windows locked. – Есік-терезелеріңді жабық ұстауды ұмытпа. ♦I must remember to check which day they are due to start. – Олардың қашан бастайтынын тексеруді ұмытпауға тиіспін. ♦Did you remember your homework? – Үй тапсырмасы есіңде ме? 5. ∼ smb (дұға оқып) біреуді еске алу, құрметтеу (syn: commemorate) ♦a church service to remember the war dead – соғыста қаза тапқандар үшін дұға оқыған шіркеу қызметі 6. ∼ smb/smth (біреуді) ескеру, ұмытпау, көңіл бөлу ♦My aunt always remembers my birthday. – Апайым туған күнімді ылғи есінде ұстайды. ♦His grandfather remembered him in his will. – Атасы оған мұра қалдырыпты. 7. (idm) *be (best) remembered for smth | be (best) remembered as smth бірнәрсе үшін/ ретінде есте/ жадта қалу/ әйгілі болу ♦He is best remembered as the man who brought jazz to England. – Ол джазды Англияға әкелген адам ретінде есте қалатын болады. ♦She is best remembered for her first book, ‘In the Ditch’. – Ол өзінің «Жырада» атты алғашқы кітабы үшін кең танымал. 8. (phr v) *remember me to smb (especially BrE) біреуге менен сәлем айт(қын) ♦Remember me to your parents. – Ата-анаңа менен сәлем айтқын.