render [ˈrendə(r)] v 1. ∼ smb/smth (formal) (біреуге/ бірн-ге) бірн-е ету/ қылу, бір күйге түсіру (syn: make) ♦to render something harmless/useless/ineffective – бірнәрсені залалсыз/ жарамсыз/ қауқарсыз ету ♦Hundreds of people were rendered homeless by the earthquake. – Жер сілкінісі жүздеген адамды үйсіз етті. 2. (formal) (жәрдем, тб) беру ♦∼ smth to smb/smth They rendered assistance to the disaster victims. – Апаттан жапа шеккендерге олар көмек көрсетті. ♦to render a service to somebody – біреуге қызмет көрсету/ ету ♦∼ smth It was payment for services rendered. – Бұл көрсетілген қызметтер үшін төлем еді. 3. ∼ smth (formal) таныстыру, көрсету (syn: furnish) ♦The committee was asked to render a report on the housing situation. – Комитеттен тұрғын үй мәселесі жайлы баяндама жасауын өтінді. 4. ∼ smth (formal) өнер көрсету; сурет салу; істеу, тб ♦He stood up and rendered a beautiful version of ‘Summertime’. – Ол тұрды да(ғы) «Жазғы кез» ариясын әдемі орындады. ♦The artist has rendered the stormy sea in dark greens and browns. – Суретші буырқанған теңізді қою жасыл және қоңыр түстермен салған. 5. (басқа тілге) аудару, тәржімелеу (syn: translate) ♦∼ smth (as smth) The Italian phrase can be rendered as ‘I did my best’. – Итальян фразасын «Қолымнан келгенін істедім» деп аударуға болады. ♦∼ smth (into smth) It's a concept that is difficult to render into English. – Бұл - ағылшыншаға аудару қиын ұғым. 6. ∼ smth (specialist) қабырғаны (лаймен, цементпен, тб) сылау 7. ∼ smth (down) (майды қыздырып, тб) еріту