repair [rɪˈpeə(r)] A.v 1. ∼ smth (бұзылған, тб нәрсені) жөндеу, ремонттау, бітеу; емдеу, тб ♦to repair a car/television – машина(ны)/ телевизор(ды) жөндеу ♦to repair a road/wall/building/bridge – жолды/ қабырғаны/ үй-жайды/ көпірді жөндеу ♦to repair a hole/crack/leak – тесікті/ жарылған жерді/ аққан жерді бітеу ♦to repair an injury/a hernia – жарақатты/ жарықты (грыжа) емдеу ♦He has had surgery to repair the damage. – Жараны емдеу үшін ол операция жасатты. ♦We need to get the roof repaired. – Шатырды жөндетуіміз керек. ♦The human body has an amazing capacity to repair itself. – Адам денесінің өз-өзін емдей/ қалпына келтіре алатын таңғаларлық қасиеті бар. 2. ∼ smth түзеу, қалпына келтіру, оңалту, жақсарту (syn: right) ♦to repair relations/a relationship – қатынастарды түзеу ♦The home team did well to repair a bad start. – Жергілікті команда алғашқы сүріністі оңғару үшін тәуір әрекеттенді. ♦They moved quickly to repair relations between themselves and the US. – Олар өздері мен АҚШ арасындағы қатынастарды түзеу үшін тез қимылдады. 3. (phr v) *repair to… (formal or humorous) бір жаққа, тб бару ♦He repaired to his study for some peace and quiet. – Оңаша болу үшін ол кабинетіне кетті. ♦Shall we repair to the drawing room? – Қонақ бөлмеге баралық па? B.n 1. (бұзылған, тб нәрсені) жөндеу, ремонттау, бітеу; емдеу, тб ♦They agreed to pay the costs of any repairs. – Олар кез-келген жөндеу жұмысының құнын төлеуге келісті. ♦The building was in need of repair. – Үй-жайға жөндеу қажет еді. ♦for ∼ I took my bike in for repair. – Велигімді жөндеуге апардым. ♦beyond ∼ The car was damaged beyond repair. – Машина жөндеуге келмейтіндей бұзылыпты. ♦under ∼ The hotel is currently under repair. – Қонақ үйді жөндеп жатыр. ♦proteins that are involved in DNA repair – ДНК-ны емдегенге/ жөндегенге қажет протеиндер ♦Vitamin A is essential for the growth and repair of skin tissue. – Тері тінінің өсуі мен қалпына келуі үшін А витамині – маңызды. ♦The meeting will discuss repairs to the church roof. – Мәжілісте шіркеу шатырын жөндеу мәселесі талқыланбақ. 2. (idm) *in good, bad, etc. repair | in a good, bad, etc. state of repair (formal) күйі жақсы/ нашар, тб ♦The house is not in good repair. – Үй тозыңқырапты.