repeat [rɪˈpiːt] A.v 1.қайталау, қайталай айту/ жазу ♦∼ smth to repeat a question/a claim/an assertion/a warning – сұрақты/ сөзді/ тұжырымды/ ескертуді қайталау ♦She repeated the word several times. – Сөзді ол бірнеше рет қайталады. ♦Are you prepared to repeat these allegations in court? – Осы күдіктеріңізді сотта қайталап айтуға әзірсіз бе? ♦I mentioned it before, but it bears repeating. – Осыған дейін айтқанмын, бұны тағы да айтқан жөн. ♦∼ yourself Do say if I'm repeating myself . – Айтқанымды қайталасам, ескерт(іңіз). 2. (нығарлай айтқанда қолд) ♦The claims are, I repeat, totally unfounded. – Бұл күдіктер, қайталап айтамын, мүлде негізсіз. ♦Nor, to repeat, can these changes be avoided. – Бұл өзгерістер, қайталап айтамын, болмай қоймайды. ♦∼ smth I am not, repeat not, travelling in the same car as him! – Қайталап айтамын, онымен бір машинада кетіп бара жатқан жоқпын. 3.қайталау, қайталап айту ♦The teacher's statement is then repeated by the students. – Мұғалімнің айтқанын сосын оқушылар қайталайды. ♦Listen and repeat each sentence after me. – Тыңдап, айтқанымды қайтала(ңыз). 4.біреудің айтқанын басқа біреуге айту ♦I don't want you to repeat a word of this to anyone. – Бұл жайлы басқаларға тіс жарма. ♦The rumour has been widely repeated in the press. – Қауесетті баспасөз іліп ала кетті. 5.қайталау, қайталап/ сондай етіп істеу ♦to repeat a mistake/process – қатені/ процесті қайталау ♦to repeat an experiment/exercise – экспериментті/ жаттығуды қайталау ♦The treatment should be repeated every two to three hours. – Емді әр екі не үш сағат сайын қайталау керек. ♦They are hoping to repeat last year's victory. – Олар өткен жылғы жеңісті қайталағысы келеді. 6.қайталану, қайталанып келу ♦History has a strange way of repeating itself. – Тарихтың өзін(-өзі) қайталайтын бір қызық әдеті бар. ♦a repeating pattern/design – қайталана беретін өрнек/ кескін 7. ∼ (on smb) (BrE, informal) (жеген нәрсенің) дәмі ауыздан кетпеу/ ауызға келу ♦Do you find that onions repeat on you? – Пияздың дәмі аузыңа келіп тұр ма? B.n 1.қайталану, қайталанған нәрсе, қайталама ♦A repeat of the 1906 earthquake could kill up to 11 000 people. – 1906 жылғы жер сілкінісі қайталанса, 11 мыңдай адам қайтыс болады. ♦(business) a repeat order – заказды қайталау ♦a repeat prescription – рецепті қайталау/ сол рецепті қайта беру ♦a repeat offender – қайта қылмыс жасаушы ♦revenues generated from repeat business – бір істі қайталай табыс табу ♦to prevent a repeat of this incident – оқиғаның қайталануын болдырмау 2.қайталама, қайта берілген телепрограмма ♦‘Is it a new series?’ ‘No, a repeat.’ – «Бұл сериалдың жаңасы ма?» «Жоқ, бұрынғысы». 3. (music) қайырма