reply [rɪˈplaɪ] A.v 1.жауап беру ♦She didn't even bother to reply. – Жауап беруді ол тіпті ойламады да. He was quick to reply. – Ол тез жауап берді. ♦∼ to smb/smth to reply to a question/an email/a query – сұраққа/ имейлге/ сауалға жауап беру ♦∼ with smth She simply replied with a smile. – Жауап ретінде ол жымиды да қойды. 2.жауап әрекет, қарымта ♦∼ with smth Italy took an early lead but Brazil replied with two goals in the last five minutes. – Италия ойынның басынан алға шыққан, алайда Бразилия соңғы бес минутта екі гол салды/ екі гол қарымта қайтарды. ♦∼ to smth (with smth) The terrorists replied to the government's statement with more violence. – Үкіметтің мәлімдемесіне жауап ретінде террористер зорлық-зомбылықты күшейтті. B.n жауап, жауап беру, жауап әрекет ♦I asked her what her name was but she made no reply. – Есімін сұрап едім, ол жауап бермеді. I received a reply from the firm's managing director. – Фирманың атқарушы директорынан жауап алдым. in to smth (formal) I am writing in reply to your letter of 16 March. – Наурыздың 16-сындағы хатыңызға жауап ретінде жазып отырмын. ♦(BrE) a reply-paid envelope – құны алдын-ала төленген конверт without  (BrE) Morocco scored four goals without reply to win the game. – Морокко қарымтасыз төрт гол салып, ойынды жеңді.