report [rɪˈpɔːt] A.n 1. (оқиға, тб жайлы) хабар, баянат, репортаж ♦Are these news reports true? – Бұл хабарлар шын ба? ♦media/press/newspaper reports – медиа/ баспасөз/ газет хабарлары/ репортаждары 2.есеп, баянат, баяндама, отчет ♦a police report – полиция баянаты ♦The company has just released its annual report. – Компания жаңа ғана жылдық есебін жариялады. ♦a progress report – жобаның барысы туралы есеп ♦∼ on smth You need to compile a report on your findings. – Байқаған жайттарыңыз жайлы есеп даярлауыңыз керек. ♦∼ on smth The committee will publish its report on the health service next week. – Комитет денсаулық қызметі жайлы есебін келесі жетіде жариялайды. 3.хабар, әңгіме ♦∼s of smth There are unconfirmed reports of a shooting in the capital. – Астанада атыс болды деген сөздер жүр. ♦I don't believe these reports of UFO sightings. – Белгісіз ұшатын объектілер (НЛО) туралы әңгімелерге сенбеймін. ♦∼s that… We are hearing reports that she has quit. – Оны қызметінен кетті деп жатыр. 4. (BrE) (NAmE report card) оқушының/ студенттің үлгерімі туралы қағаз ♦a school report – мектептегі үлгерімі туралы қағаз ♦to get a good/bad report – жақсы/ нашар қағаз алу ♦She got a better report card this time. – Бұл жолы оның үлгерім қағазы жақсы. 5. (BrE, business) біреудің қарамағындағы қызметкер, жұмысшы ♦a weekly meeting with my direct reports – тікелей қарамағымдағылармен апта сайынғы жиналыс ♦He was finding one of his reports very difficult to manage. – Қарамағындағы бір қызметкерді басқару ол үшін қиын болуда. 6.гүрсіл, тарсыл, партыл (қопарылыс не мылтық үні) (syn: bang, blast) ♦a loud report – қатты гүрсіл 7. (idm) *of bad/good report (formal) жұрт жақсы/ жаман айтатын, жұртқа жағатын/ жақпайтын B.v 1.хабарлау, айту ♦The findings are similar to those reported in previous studies. – Зерттеу нәтижелері бұрынғылардағыдай. ♦The company is expected to report record profits this year. – Компания биыл табыстың рекордты деңгейде болғанын хабарламақшы дейді. ♦Call me urgently if you have anything to report. – Бірнәрсе айтқың келсе, маған бірден звонда. ♦∼ smb/smth The doctor reported the patient fully recovered. – Дәрігер науқастың/ пациенттің толық жазылғанын айтты. ♦∼ smb/smth as (doing) smth The house was reported as being in excellent condition. – Үйдің күйі тамаша дейді. 2. (оқиға, тб жайлы) хабар/ баянат/ репортаж беру ♦Our job is to report the news, not to create it. – Міндетіміз жаңалықтарды жасау емес, тарату. ♦∼ (that)… The TV news reported that several people had been arrested. – Телеарнадан бірнеше адамның тұтқындалғанын айтты. 3. be ∼ed хабарлану, айтылу, деу, әңгіме болу ♦be ∼ed to do smth She is reported to earn over $10 million a year. – Оны жылына $10 млн табады дейді. ♦be ∼ed as doing smth The president is reported as saying that he needs a break. – Президент өзіне дамыл керек деп айтты дейді. ♦it is ∼ed (that)… It was reported that changes were being considered. – Өзгерістер қара(стыры)лып жатыр дейді. 4. (біреуге бірн-е жайлы) хабарлау, баяндау, айту, білдіру ♦∼ smth (to smb) Have you reported the incident to the police? – Оқиға жайлы полицияға айттың(ыз) ба? ♦∼ smb for (doing) smth He's already been reported twice for arriving late. – Оның осыған дейін екі рет кешігіп келгені айтылған/ есепке алынған. ♦∼ smb I’m going to report you if you do that again! – Тағы осылай істесең, (біреуге, тб) айтамын! 5. (келгені, тб ж) хабарлау, айту, баяндау ♦∼ for smth You should report for duty at 9.30 a.m. – Жұмысқа сағат таңғы 9.30-да кірісуің(із) керек. ♦Private Smith reporting for duty, sir! – Қатардағы Смит міндетіне келді, сэр! ♦∼ to smb/smth All visitors must report to the reception desk on arrival. – Келушілердің бәрі келген бойда қабылдауға/ ресепшнге хабарлауы тиіс. 6. (phr v) *report back (жұмысына, тб) оралу, қайту ♦Take an hour for lunch and report back at two. – Түскі асқа бір сағат жұмса да(ғы) екіде орал. *report back (on smth) (to smb) біреуге бірнәрсе жайлы мәлімет беру ♦Find out as much as you can about him and report back to me. – Ол жайлы барынша көбірек информация жи да маған хабарла. ♦∼ back that… They reported back that no laws had actually been broken. – Олар заңның ешбір бұзылмағанын хабарлады. *report to smb (business) біреудің қарамағында болу, біреу басқаратын бөлімде, тб жұмыс істеу