repose [rɪˈpəʊz] A.n (literary) бейқам/ тыныққан/ демалған/ демалып жатқан күй, ұйқыдағы я маужыраған күй, тыныш/ оңаша қалып ♦She went outside seeking a few moments of repose. – Біраз бой жазайын деп ол тысқа шықты. ♦In repose, his face was sad. – Оңашада жүзі жабырқау еді. ♦The first rays of morning sun disturbed their repose. – Таңғы күннің алғашқы сәулелері олардың тыныштығын мазалады. B.v (literary) 1. (зат ж) тұру, қою ♦She stared at the empty cabinet where once the vase had reposed. – Ол бір кездері ваза тұрған бос кабинетке қарап тұрды. 2. (кісі ж) жату, демалу ♦We left her reposing on the sofa. – Біз кеткенде ол диванда жантайып жатқан.