representative [ˌreprɪˈzentətɪv] A.n 1.өкіл, уәкіл ♦elected representatives – сайланған өкілдер union representatives – кәсіподақ өкілдері legal representatives – заңды өкілдер 2. (also informal rep) компания өкілі ♦a sales representative – сауда өкілі 3.топ мүшесі; ұрпақ/ нәсіл/ буын адамы/ өкілі 4. R∼ (abbr Rep.) (АҚШ-та) конгрессмен (АҚШ Конгресі (парламенті) төменгі палатасының, яғни Өкілдер палатасының мүшесі) B.adj 1. ∼ (of smb/smth) белгілі бір топқа тән; бірн-ге тән ♦Is a questionnaire answered by 500 people truly representative of the population as a whole? – 500 адам қатысқан сауалнама бүткіл тұрғындардың пікірін дәл білдіре ала(ды) ма? The paper-thin models in magazines are not representative of most women. – Әйелдердің көбі журналдардағы қағаздай жіңішке модельдердей емес. The painting is not representative of his work of the period. – Картина оның сол кезеңдегі еңбегі емес. 2.кең қамтитын, ауқымды ♦We interviewed a representative sample of teachers. – Түрлі саладағы мұғалімдерді қамти сұхбаттастық. Exhibits include a widely representative collection of Greek vases. – Жәдігерлер/ Экспонаттар түрлі грек вазаларын кең қамтыған. 3. өкілдік, сайлама (opp: unrepresentative) ♦a representative democracy - сайлама/ өкілдік демократия the advent of modern representative government – қазіргі заманғы сайлама үкіметтің келуі