reproach [rɪˈprəʊtʃ] A.n (formal) 1. (тағылған) мін, айып, кінә, реніш, ренжу(шілік); мінеу, жазғыру, мін тағу, айыптау, кінәлау, ренжу ♦His voice was full of reproach. – Ренжи сөйлеп тұрды. ♦above/beyond ∼ The captain's behaviour is beyond reproach. – Капитанның жүріс-тұрысы – мінсіз. ♦He listened to his wife's bitter reproaches. – Ол әйелінің ащы сөздерін естіп тұрды. 2.ұятқа қалу, абыройы түсу ♦Her actions brought reproach upon herself. – Өз ісі өзін ұятқа қалдырды. 3. ∼ (to smb/smth) ұят нәрсе, бетке салық, сүйекке түскен таңба, көзге шыққан сүйел (syn: discredit) ♦Such living conditions are a reproach to our society. – Бұндай тұрмыс қоғамымыз үшін ұят. ♦Paul saw this as a reproach to himself. – Пол бұны өзіне ұят көрді. B.v (formal) мінеу, мін тағу, айыптау, кінәлау, кею, ренжу ♦∼ smb Nobody has a right to reproach me. – Ешкімнің де маған ренжуге хақы жоқ. ♦∼ smb for (doing) smth She was reproached by colleagues for leaking the story to the press. – Әңгімені баспасөзге айтты деп оған әріптестері өкпеледі. ♦∼ smb with (doing) smth She reproached him with his cruelty. – Ол оған қатыгезсің деп ренжіді. ♦∼ (smb) ‘You know that isn't true,’ he reproached her. – «Бұның рас емес екенін білесің ғой», деп ол оған міней сөйледі. ♦∼ yourself She had no reason to reproach herself. – Оның өз-өзін кінәлайтын жөні жоқ еді. ♦∼ yourself for (doing) smth He reproached himself for not telling her the truth. – Оған шындықты айтпағанына ол кейіді. ♦∼ yourself with smth You have nothing to reproach yourself with. – Өзіңді кінәлайтын еш жөнің жоқ.