repudiate [rɪˈpjuːdieɪt] v (formal) 1. ∼ smth қабылдамау, ысыру; бас тарту, айну (syn: reject) ♦to repudiate a suggestion – кеңесті/ ұсынысты қабылдамау ♦Socialism had been repudiated at the polls. – Сайлауда социализмді жұрт қолдамады. ♦(law) Borrowers have begun repudiating their debt obligations. – Қарыз алушылар өздерінің өтеу міндеттерінен айни бастады. ♦(law) The buyer is entitled to repudiate the contract within a reasonable period of time. – Сатып алушы белгілі бір уақыт ішінде контрактіден айныса болады. 2. ∼ smth терістеу, жоққа шығару, келіспеу, қабылдамау (syn: deny) ♦to repudiate a report – баяндамамен келіспеу, хабарды терістеу 3. ∼ smb (old-fashioned) қарым-қатынасын үзу (syn: disown) ♦He repudiated his first wife and married her sister. – Ол бірінші әйелімен ажырасып, оның сіңлісіне үйленді.