rescue [ˈreskjuː] A.v құтқару, аман алып қалу ♦∼ smb/smth from ∼ smth/smb The coastguard rescued six people from the sinking boat. – Жағалау күзетшілері батып бара жатқан қайықтан алты адам(ды) құтқарды. ♦You rescued me from an embarrassing situation. – Мені ұят жағдайдан құтқардыңыз. ♦The house was rescued from demolition. – Үйді сүруден аман алып қалды. B.n [қ-з: rescue (A)] ♦a rescue operation/mission – құтқару операциясы/ миссиясы ♦rescue helicopters/boats/workers – құтқарушы вертолеттер/ қайықтар/ құтқарушылар ♦Ten fishermen were saved in a daring sea rescue. – Теңіздегі өжет әрекеттің арқасында он балықшы құтқарылды.