reserve [rɪˈzɜːv] A.n 1.қор, резерв, запас ♦cash/foreign currency reserves – ақша қоры/ шетел валютасы қоры ♦large oil and gas reserves – ірі мұнай-газ қоры ♦reserve funds – қордағы/ резервтегі қаражат ♦∼ of smth He discovered unexpected reserves of strength. – Бойында тосыннан бір күш пайда болды. ♦The country has the world's largest reserves of coal. – Елдің дүние жүзіндегі ең ірі көмір қоры бар. ♦The company has substantial reserves of capital. – Компанияның қомақты капитал қоры бар. 2. (NAmE also preserve) қорық (заповедник) ♦a wildlife/forest reserve – табиғат/ орман қорығы 3. (also reservation) резервация (АҚШ үндістері (байырғы халқы) тұратын жер) 4.тұйықтық, көпшіл еместік, сөзге сараңдық, бұйығылық, ұяңдық (syn: reticence) ♦She found it difficult to make friends because of her natural reserve. – Табиғи тұйықтығы/ бұйығылығы өзіне басқалармен достасуды қиын етті. ♦Jaime always talked to people without reserve. – Хаиме жұртпен қашанда ашық-жарқын сөйлесетін. 5. (formal) шүбә, күмән, секем ♦with ∼ Any contract should be treated with reserve until it has been checked. – Қай контрактіні болсын алдымен тексеріп шығу керек. ♦without ∼ She trusted him without reserve. – Ол оған қалтқысыз сенетін. 6. (негізгі ойыншыны ауыстыратын) қосалқы ойыншы (запасной игрок) 7. the ∼s команданың қосалқы құрамы 8. the ∼ (also the ∼s) әскердің резерві/ резерв күштері ♦the Army Reserve – армия резерві ♦the reserve police – резерв(тегі) полиция 9. (also ∼ price) аукциондағы мүмкін ең төменгі баға 10. (idm) *in reserve қорда, резервте ♦The money was being kept in reserve for their retirement. – Ақшаны пенсияға шыққанда пайдаланатын қор ретінде ұстап отыр. ♦200 police officers were held in reserve. – 200 полиция қызметкерін резервке қойды. B.v 1. (алдын-ала) орын, тб алып қою, резервациялау, заказ беру (syn: book) ♦∼ smth for smb/smth I'd like to reserve a table for three for eight o'clock. – Сағат сегізге үш адамға стол алып қойғым келеді/ стол заказ бергім келеді. ♦∼ smth I've reserved a room in the name of Jones. – Джоунстың атына бөлме алып қойдым/ бөлме заказ бердім. ♦These seats are reserved for special guests. – Бұл орындарды арнайы қонақтар үшін қойып қойған/ резервациялаған. ♦(ауысп мағ) The team captain reserved special praise for his players after the match. – Матчтан соң команда капитаны ойыншыларын ерекше мақтады. 2. ∼ smth бірн-е істеуге хақылы болу ♦The management reserves the right to refuse admission. – Басқарманың кіргізбей қоюға хақы бар. ♦(law) All rights reserved. – Барлық (авторлық) хақтар қорғалған (яғни, басқа ешкімнің бұны көшіріп басуға хақы жоқ). 3. (idm) *reserve (your) decision/judgement шешім шығармай я пікір айтпай қоя тұру ♦I'd prefer to reserve judgement until I know all the facts. – Барлық фактілерді біліп барып пікір айтпақпын. ♦Three judges have decided to reserve their decision until a later date. – Үш судья шешімдерін кейін шығармақ болып шешті.